Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Латвияда кепілге алынған қазақстандық халықаралық іздеу жарияланған қылмыскер болып шықты

AstanaTV
17.06.2015ж. 13:00
1125
Латвияда кепілге алынған қазақстандық халықаралық іздеу жарияланған қылмыскер болып шықты

Ригада кепілге алынған қазақстандық Ержан Желдібаевқа бірнеше жыл бұрын аса ірі көлемде қаржылық алаяқтыққа барып, заңсыз құжат рәсімдегені үшін халықаралық іздеу жарияланған екен. Қазір оны елге экстрадициялау мәселесі қаралып жатыр. Бұл туралы Ішкі Істер министрлігіне сілтеме жасап, Tengrinews.kz хабарлайды.

Еске салайық, Ержан Желдібаев - биыл сәуір айында Латвияда кепілге алынған төрт қазақстандықтың бірі. Жанында әйелі мен екі баласы болған. Қарақшылар оларды босату үшін құны 400 мың доллар болатын Алматыдағы баспананың өз аттарына аударылуын талап еткен. Латвия полициясы тұтқындарды аман-есен босатып алған еді. Соңынан Желдібаевтың халықаралық іздеуде жүрген қылмыскер екені белгілі болды. Ақпарат агенттігі оқиғаға қатысты кейбір деректерді келтіреді. Мәселен, Ержан қол астындағы бұрынғы қызметкерлері Ахмадов пен Нұрғалиевті алдап соққан-мыс. Салдарынан қазір үш адам қылмыстық жауапкершілікке тартылған.

Мөлдір ДЮСЕКИНА