$482.86 €533.17 ₽5.08
×

Қарағанды облысының Ұлытау ауданында белгісіз аурудан қырылған мал басы көбейіп келеді

AstanaTV
17.06.2015ж. 20:00
1040
Қарағанды облысының Ұлытау ауданында белгісіз аурудан қырылған мал басы көбейіп келеді

Қарағанды облысының Қаракеңгір ауылында белгісіз дерттен қырылған мал басы көбейіп келеді. Аудандық ветеринария бөлімінің бастығы Өмірсерік Рүстемов бүгін біздің арнаға телефон арқылы арам өлген үй жануарларының саны 21-ге жеткенін хабарлады. Мұнымен қоса, аяғы ісіп жүре алмай қалған төрт түлік саны да күн санап артып келе жатқанын айтты.

Қазір 236 қой, бұзау және сиырлардан беймәлім дерттің белгілері анықталған. Қарағандылық ветеринарлар әлі де болса, жануарлар некробактериоз, пастереллез, аусыл ауруларына шалдығуы мүмкін деп жорамалдайды. Олар Астанадағы зерттеу орталығына жөнелтілген сараптама қорытындысын күтпестен, ауру жануарларларды емдеуге кіріскен. Малға аусылға қарсы екпелер жасалуда. Олар уақытша оқшауландырылып, қатаң бақылауға алынған. Кеше Қарағандыдан 800 шақырымдай қашықтықтағы Ұлытау ауданы Қаракеңгір ауылында белгісіз дерттен төрт түліктің жаппай қырылып жатқанын хабарлаған болатынбыз. Тұрғындар олардың ауыздары уылып, аяқтары ісініп, жүре алмай қалғанын айтқан еді. 

Өмірсерік Рүстемов, Ұлытау аудандық ветеринария бөлімінің бастығы:

Қарап отыруға болмайтын болды. Стоматитке байланысты ауыз қуыстарының жарасын марганцовка, тұз қышқылдарымен шайып, бактерияларға қарсы дәрілер егіп жатырмыз. 54-і жазылды. Тіркелгені 236,119-ы емделуде.

Айжан ҚУАШ