Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Тбилисиде ақ барыс адамға шабуыл жасады

AstanaTV
18.06.2015ж. 10:00
2946
Тбилисиде ақ барыс адамға шабуыл жасады

Тбилисиде бір адам ақ барыстың шабуылынан қаза болды. «Жыртқыш аң, су тасқыны кезінде зообақтан қашып шыққан»- деп жазады «Рейтерс». Ал, ақпаратты Грузияның Ішкі істер министрлігі растап отыр. Жергілікті БАҚ өкілдері «17-маусым күні күндізгі уақытта аң адамға шапты», - деген хабар таратты. Қоймаға кірген ер адамға, сонда жасырынып жатқан жануар тарпа бас салған. Ақ барысты ұстауға оқиға орнына полицейлер мен арнайы жасақ мамандары жұмылдырылған. Олар жыртқыш жасырынып жатқан аумақты қоршауға алып, тұрғындарға үйлерінен шықпауға кеңес береді. Арнайы операция кезінде адамға шабуыл жасаған «үлкен мысық» қолға түскен. Еске салайық, Грузия астанасында 14- маусым күні түнде су тасқыны орын алды. Топан су жергілікті хайуанаттар бағын шайып кетті, осы мезетте зообақтағы бірнеше жыртқыш қашып кеткен. Ал табиғат апатынан құрбан болған адамдар саны 18-ге жетті.

Данияр ӘЛІМҚҰЛОВ