Астана
күні мерекесіне орай қалада республикалық және халықаралық деңгейдегі 70-тен
астам шара өтеді. Оларға жарты миллиондай адам келеді деп күтілуде. Мереке 4
шілдеде Мемлекеттік туды салтанатты көтеру рәсімінен басталады. Қаладағы
концерттік алаңдарда түрлі жанрдағы бағдарламаларымен отандық және шетелдік
әртістер өнер көрсетеді. Сауда орталықтарында «17 пайыздық
жеңілдік» акциясы өткізіледі. Ал, тың мерекелік шаралардың бірі Есіл жағалауындағы
лазерлік шоу болмақ.
Болат Мажағұлов, Астана қаласы Мәдениет
басқармасының басшысы:
Астанада алғаш рет «Нұрлы Есіл»
мультимедиялық пиротехникалық
шоуы өтеді. Бұл бірегей визуалдық шара 4-5 маусым күндері Есіл өзенінің
акваторийінде болады. Судың үстіне орналастырылған оркестр шоудың ерекше
элементі болмақ. Сахнаның жан-жағында орнатылатын түрлі биіктіктердегі
субұрқақтарға түрлі-түсті лазерлік технологиялар қолдану арқылы көркем
безендірілген бейнероликтер көрсетіледі.
Cонымен қатар, «Мыңжылдықтар
тоғысындағы Астана» көшпелі өркениет фестивалі, «Астана Арқау» түркі әуені мен
«Азия жаңғырығы» цирк өнері жалғасын табады. Ашық ашпан астында қала
тұрғындары мен қонақтары айтыс пен дәстүрлі қазақ әндерін тыңдай алады. Көңілді
кештерді ұнататындарға Қазақстан, Ресей және Қырғызстанның ең үздік көңілді
тапқырлар клубы командаларының әзіл кештері ұйымдастырылмақ. Елорда күніне арналған шаралар дәстүр бойынша салтанатты
отшашуымен аяқталады.
Берік ХАСЕНОВ