$485.04 €525.98 ₽5.04
×

Грекия халықаралық кредиторларға қарызды реттеу бойынша кезекті ұсынысын жолдады

AstanaTV
22.06.2015ж. 13:00
1001
Грекия халықаралық кредиторларға қарызды реттеу бойынша кезекті ұсынысын жолдады

Грекия халықаралық кредиторларға қарызды реттеу тұрғысындағы кезекті ұсынысын жолдады. Ал осы кезде Афина көшелеріне мыңдаған ереуілшілер шығып қатаң үнемдеу шараларын қысқартуды талап етуде. Олар халық қаржыдан әбден қысылды деп отыр. Афина жалпы алғанда 300 миллиард еуродан астам қарыз. Ал бүгін  Еуропаның 19  мемлекеті шұғыл саммит өткізбек. Онда Грекияны дефолтқа ұшыратпау мәселесін қарайды. Айта кетейік, егер Афина 30 маусымға дейін ХВҚ-ға қарызын төлемесе, оны дефолт күтіп тұр.  Сондай-ақ,  Грекия  Еурокомиссиямен қаржылай қолдау бағдарламасын созу туралы келіссөз жүргізуі керек.  Оның мерзімі 2015 жылдың қазан айында аяқталады. Халықаралық  кредиторлардың үштігі Грекияға мүмкіндік беруге әзір. Тек бір шарты бар - елде қатаң экономикалық шаралар жасалуы тиіс,-деп санайды.

Айгүл ӘДЕПБАЙ