Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

«СҚ-Фармация» жаңадан құрылған Медициналық сақтандыру қорының құзырына өтеді

AstanaTV
09.08.2017ж. 20:00
3448
«СҚ-Фармация» жаңадан құрылған Медициналық сақтандыру қорының құзырына өтеді

Балаларға қажетті инсулин егетін құрылғы қайтадан тегін беріле бастайды. Денсаулық сақтау министрлігі өз шешімін өзгертетін болды. Бұл туралы Министрдің орныбасары Ләззат Ақтаева мәлімдеді.

Еске салайық, министрлік инсулин егетін құрылығыны тегін дәрі-дәрмек санатынан шығарып тастап, ата-аналар қарсылық танытқан болатын. Қазіргі уақытта елде қант диабетіне шалдыққан балалар саны анықталып жатыр. Және құрылығыны сатып алатын үш компаниямен келіссөз жүргізілмек.

Ләззат Ақтаева, ҚР Денсаулық сақтау министрінің орынбасары:

То обязательство, которое Минздрав брал перед родителями, мы реализуем. И вносим приказ амбулаторного лекарственного обеспечения инсулиновыми помпами. 

Ал "СҚ-Фармация" жаңадан құрылған Медициналық сақтандыру қорының құзырына өтеді. 2009 жылы "Самұрық-Қазына" қарамағында құрылған компания, 2013 жылы Денсаулық сақтау министрлігіне өткен. "СҚ-Фармация" - елдегі медициналық мекемелерді кепіл берілген тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ететін мекеме. Бұған дейін ол жекешелендіруге өтетіні айтылған.

Ләззат Ақтаева, ҚР Денсаулық сақтау министрінің орынбасары:

Медициналық сақтандыру қоры "СҚ-Фармацияның" құрылтайшысы болады. Ал "Қазмедтех" АҚ жекешелендіруге өтуі мүмкін.