Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

Қант бағасы 280 теңгеге жетті

AstanaTV
09.08.2017ж. 20:00
3198
Қант бағасы 280 теңгеге жетті

Қант бағасы қымбаттады. Шілдеде ол 4 пайызға көтерілген. Тәтті тосап қайнататын кезде оңтүстік өңірлерде жоғарылапты. Қыстың қамын жаз ойлауға кедергі келтіргендер кімдер? Тілші материалында

Тараз тұрғындары қант бағасының қымбаттап кеткенін айтады. Оны жергілікті көтерме сауданың көркін қыздырғандардан көреді. Айтуларынша, пысықайлар тәттіні айыр қалпақты ағайынға арзанға апаратын көрінеді. Ал тараздықтарға тым қымбат саудаланатыны ашындырады. Оның құны базардың өзінде 280 теңгеге жеткен. Сондықтан тұрғындар, облыста екі бірдей қант зауыты бола тұра, құмшекердің қымбатқа түсуі ақылға қонымсыз, дейді.

Айкерім Байдуллаева, Тараз қаласының тұрғыны:

Қазір  тосап жабатын уақытта біз банкы жаба алмай отырмыз. Екі есе бағасы жоғары. Қапшығы 7 мыңнан, 6950-ден. Күніге баға ойнап тұрады. Қазақстанның азаматтарына жеңілдік жасасаңыздар,  жақсы болар еді.

Алайда, жергілікті шенеуніктер қымбатшылық жоқ деп отыр. Тараз тұрақтандыру қорына қыстан бері 1500 тонна құмшекер алынған. Бүгін тұрақтандыру қорында 900 тоннасы сақталған. Шикізаттың негізігі бөлігі Бразилиядан әкелінеді. Облыста, шетел өніміне тәуелділіктен арылу үшін, қызылшаны егу жұмыстары басталып кеткен. Былтырғы жылы 5000 гектар егілсе, биылғы жылы 9000 мыңнан астамы отырғызылды. Ал, нәтижесін ақжағалылар жылдың соңына қарай көреміз дейді.

Марс Сейдібаев, Жамбыл облысы ауылшаруашылық басқармасының азық-түлік мониторингі бөлімінің басшысы:

Бүгінгі күні зауыттармен сөйлестік. Қанттың бағасының көтерілетін ешқандай факторлары жоқ. Көрші елде Ресей де, Қазақстан да барлығы үлкен көлемде өндіріп жатыр. Бағасы тұрақты.

Бірақ статистика басқаша сөлейді. Жамбыл обылысында маусымда келісі 234 теңге болса, шілдеде 20 теңгеге көтерілген. Шекер Оңтүстік Қазақстан мен Талдықорған, Жезқазғанда да қымбат. Өткен айда барлық өңірде өнім 4 пайызға өскен. Ең арзан баға солтүстік аймақтарда.

Мейрам Сейдазимов, ҚР Статистика комитетінің бас сарапшысы:

Бағаның өсуі 2017 жылғы шілдеде қайта өңдеу кәспорындарында қанттың 2,7 пайызға, көтерме сауда да 4,6 пайызға қымбаттауымен негізделінеді.

Диана Сапарқызы, тілші:

Тараз атқамінерлерінің айтуынша, Жамбыл облысы қантты экспортқа ең көп шығаратын аймақ. Былтыр 200 мың тонна қантты шетел асырған. Ол  Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан елдеріне жеткізілген.