Ергежейлі жандардың жұмысқа
орналасуы қиын. Осылай деген 26 жастағы Астана тұрғыны Перизат Әбілдаева бүгін «Нұр Отан»
партиясынан көмек сұрады. Арнаулы білімі бар азаматшаның қабылдауға келген
мақсаты - жеңілдікпен жоғары оқу орнына түсіп, мамандық алу. Екінші топ
мүгедеегі онсыз жұмысқа орналаса алмаймын деп отыр.
Мы можем переговорить с
департаментом трудоустройства города Астаны.
Перизат Әбілдаева, 2-ші топтағы мүгедек:
Мен "Нұр Отанға" үлкен үмітпен келіп отырмын. Өйткені "Нұр Отан" партиясы бәріне көмек беріп жатыр ғой енді. Грантқа, жоғары білім алуыма көмектесетін шығар деген үмітпен келіп отырмын.
Бүгінгі партия ұйымдастырған
қоғамдық қабылдауға Білім және ғылым вице-министрі келді. Ол Перизаттан бөлек,
15 адамды қабылдады. Мүгедектердің жұмысқа орналасу проблемасынан бөлек,
балаларын мектепке бере алмай жүрген ата-аналар да бар. Қалада тұрақты тіркеуі
жоқ болғандықтан, оларды мектепке қабылдамай жатқан көрінеді. Партиялықтар
мәселені қарастыратындарын айтты.