Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

«Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша сарапшылар отырысы өтті

AstanaTV
09.08.2017ж. 20:00
2808
«Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша сарапшылар отырысы өтті

Астанада Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласын жүзеге асыру мақсатында Астана картасына тағы 20 тарихи-мәдени ескерткіш енетін болады. Бұл туралы бүгін Астана қаласы әкімдігінде зиялы қауым, мемлекеттік орган өкілдері, белсенді жастар мен қоғамдық ұйымдардың қатысуымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру мәселесі бойынша сарапшылар тобының отырысында айтылды. Онда әр саланың үздіктері тың жобаларымен ойларын ортаға салған 8 бірдей баяндама жасалды. Енді ондағы ойлар жинақталып, жүзеге асыру мақсатында қайта қаралатын болады. Сондықтан аталмыш мақаладағы бағыт-бағдар ұлттың, халықтың жоғын жоқтап, барын түгендеуге тамаша мүмкіндік болмақ.

Талғат Теменов, Қазақстанның халық әртісі, кинорежиссер:

"Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру" - бұл Елбасының осы біздің мәдениетімізді, әдебиетімізді, руханиятымызды болашаққа бастайтын бағдар, бағдаршам. Елбасының сөзінде айтпақшы, экономиканы көтергенмен, мәденитесіз, руханиятсыз халық - халық бола алмайды.