Таразда
бұрынғы әріптестерін пышақтап, ізін суытқан Мұрат Үмбеталиев табылды ма? Ішкі
істер министрлігі бұл жайында жарытып ақпарат таратпай отыр. Істің мән-жайын
білмек болған БАҚ өкілдері бұл сұрақтың жауабын бүгін Үкімет отырысына келген
Ішкі істер министрінен білмек болды.
Түс
ауа министрлік баспасөз қызметі қысқа ғана ақпарат таратты. Онда қылмыстық істі
Жамбыл облыстық прокуратурасының арнайы прокуроры қарап жатқаны айтылған. Іздеу
шаралары аяқталмапты. Күдікті ресми түрде тергеліп, қандай да бір мәлімет
бермеген. Тергеу құпиялығына байланысты басқа ақпараттар жарияланбайтыны
жазылған.
Айта кетейік, Жамбыл облыстық ІІД білдей бөлім басшылары мен
экс-полицей төбелесіп, біріне пышақ сұғылған еді. Тәртіп сақшыларының
тәртіпсіздігінен соң, ІІД басшысының екі орынбасары мен бүлік шығарған сақшылар
қызметтерінен қуылды.