$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Халықаралық көрмені өткізу ел экономикасын дамытуға оң әсер берді - Н.Назарбаев

AstanaTV
15.08.2017ж. 20:00
2545
Халықаралық көрмені өткізу ел экономикасын дамытуға оң әсер берді - Н.Назарбаев

Халықаралық көрме аяқталғаннан кейін салынған нысандар бос тұрмай, мақсатты түрде қолданылуы керек. Бүгін президент «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ басқармасының төрағасы Ахметжан Есімовті қабылдау кезінде осындай тапсырма берді. Елімізде өтіп жатқан шара елорданың сондай-ақ тұтастай алғанда ел экономикасына оң әсер етті, - деп атап өтті мемлекет басшысы.

Өз кезегінде Ахметжан Есімов көрме аумағына «Астана» халықаралық қаржы орталығын, IT-старт-аптар паркін орналастырып, бірқатар орталық пен павильондарды ЭКСПО мұрасы ретінде сақтап қалу көзделіп отырғанын жеткізді. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

ЭКСПОны жүргізудің мәселесінде қаланың қызмет көрсететін өндірістерінің барлығы өркендеді, өсті. Қонақ үйлер толды, тамақ ішетін жерлер толды. Сол арқылы қалаға, бюджетке көп қаражат түсетін болады. Құрылысқа Қазақстанның 96 компаниясы жұмыс істеді. Сырттан келген инвестиция 100 млн долларға жетті.