Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Тоқтар Төлешовке тиесілі нысандардың тағдыры белгілі бола бастады

AstanaTV
15.08.2017ж. 20:00
2626
Тоқтар Төлешовке тиесілі нысандардың тағдыры белгілі бола бастады

Тоқтар Төлешевтің 8 жер учаскесі мен 4 коттеджі сот шешімімен Шымкент әкімдігінің меншігіне өтті. Бұл туралы біздің арнамызға қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. Әйгерім Жұмағұлованың берген ақпарына сүйенсек, «сыра королі» атанып кеткен Төлешовтің меншігінде болған «Фосфоршылар сарайының» тағдыры да шешілетін күн алыс емес. Мәдениет үйіне қатысты сот ісі жүріп жатыр. Ал 8 бірдей жер теліміне келешекте көпқабатты тұрғын үйлер тұрғызылатын болады. Төлешовке тиесілі болған төрт зәулім үйдің екеуі білім бөліміне бұйырып отыр.

Әйгерім Жұмағұлова, Шымкент қалалық әкімдігінің баспасөз хатшысы:

Коттедждердің біреуін әлі оның отбасы босатпады. Оған босату жөнінде сотқа қағаздар өткізілді. Қалған екі коттедж қала әкімдігінің білім бөліміне берілді. Онда мәдениет үйі ашылатын болады. Ал бір коттедж қиратылатын болады.

Айзада ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ