$519.29 €613.28 ₽6.62
×

Ауыл шаруашылығы министрлігінің дерегінше, биыл қазақстандық астықтың сапасы артпақ

AstanaTV
15.08.2017ж. 20:00
2585
Ауыл шаруашылығы министрлігінің дерегінше, биыл қазақстандық астықтың сапасы артпақ

Биыл Қазақстан шамамен 20 миллион тонна астық алуы мүмкін. Бидайдың 60-70 пайызы жоғары сапалы болмақ. Ауыл шаруашылығының вице-министр Қайрат Айтуғанов осындай мәлімдеме жасады. Министрлік өкілдері бүгін астықты өлкеге ат басын тіреп, шаруалармен кездесті. Биыл астық сапасы бір жарым есеге жақсартылып отыр. Бұл субсидиялауға енгізілген өзгерістердің жемісі, - деді министрлік өкілдері. Заңғар Санай тарқатады.

Заңғар Санай, тілші:

Министрлік өкілдерімен дидарласқан диқандар, биылғы астықтың  шығымы мен сапасы да жоғары екендігін айтып, сүйіншіледі. Кейбір шаруалар әр гектарынан 30 центнерге жуық өнім аламыз деп отыр. Енді, шаруалар бітік шыққан бидайды қамбаға құйып алудың қамын ойлауда. Орақ науқанына көлік, құрал-сайман, соқа сақадай сай. Ең бастысы - ауа райы қолайлы болса, игі, - дейді кәнігі диқандар.

Ибраш Естай, шаруашылық басшысы:

Биыл бізді мынау қуантатын жағдай бар, үкіметімізді де, Президентімізді де, жалпы халықты да. Мен 49-50 жыл егінмен айналысып келемін, жылда салыстырамын ғой, жылда бұлай бола бермейтін. Бидайдан 35-32 центнер гектарына деп көзді жұмып қойып айтам.

Аймақ диқандары алқаптарды әртараптандыруға жыл сайын айрықша көңіл бөліп, майлы -дақылдардың ауқымын  арттырып келеді. Бірақ,  бидайдың үлесін отыз пайыздан төмендеткен емес. Биылғы бидайдың  бітік шығуына  сапалы тұқым егу көлемін ұлғайту мен тыңайтқыштарды субсидиялау механимінің өзгеруі  оң  әсерін тигізді - дейді  ауыл шауаршылық министрлігінің өкілдері.

Ажар Қажыбекова, ҚР АШМ егіншілік департаментінің директоры:

Қазіргі таңда төрт жүз тоғыз мың тонна минералды тыңайтқыштар сатып алынып қолданылды. Ал, ол былтырғы жылы 261 мың тонна ғана болған. Бұл да астықтың сапасына әсер етеді.

Ауыл шаруашылық министрлігінің болжамына  сүйенсек, биыл ел қамбасына 20 миллион тонаға  жуық астық құйылады. Өнімнің басым бөлігі сапалы, 3 класстың  бидайы. Жиын-терім жұмыстарына мемлекет тарапынан тиісті көмектер көрсетілген. Орақ науқанына 400 мың тонна жанар-жағармай бөлініп отыр.

Заңғар САНАЙ