$519.29 €613.28 ₽6.62
×

ЭКСПО-2017 көрмесіне кіріп-шығу саны 15 миллионға жетті

AstanaTV
15.08.2017ж. 20:00
2774
ЭКСПО-2017 көрмесіне кіріп-шығу саны 15 миллионға жетті

ЭКСПО көрмесі қарашаға дейін жалғаса ма? Елдегі туристік компаниялар Ахметжан Есімов пен Халықаралық көрмелер бюросына басшысына осындай ұсыныспен ашық хат жолдаған. Отандық туризм мен қызмет көрсетуді "аяқтан тұрғызуды" көздейтін петицияға мейрамхана, қонақ үй бизнесімен айналысатындар да қол қойған. Ал бүгінде халықаралық көрмеге кіріп-шығу саны 15 миллионға жетті. Бұл туралы бүгін «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесінің алғашқы екі айын қорытындылаған көрме әкімшілігі мәлімдеді.

10 тамыз күнгі мәлімет бойынша, көрмеге 2 млн 265 мың адам келген. Шілде айы бойынша көрсеткіш 1 млн 341 мың. Яғни алғашқы аймен салыстырғанда келушілер саны 1,4 есеге артып отыр. Сондай-ақ, ЭКСПО екі айда 905 млн теңгенің тауар айналымын жасаған. Логистикалық қызмет көрсетулер бойынша екі ай ішінде халықаралық павильондарға 5298 тонна жүк жеткізіліпті. Бұл туралы коммерциализация департаментінің директоры Дәулет Еркінбаев айтып берді.

Дәулет Еркінбаев, "Астана ЭКСПО-2017" АҚ коммерциализация департаментінің директоры:

Екі айда жалпы сомасы 131 767 992 теңгені құрайтын 84 495 дана лицензиялық өнімдер сатылды. Көрменің екі ай жұмыс аралығында 537,8 тонна өнім әкелінді. Қоғамдық тамақтану орындарында 558, 7 мың келушіге қызмет көрсетілді. Тауар айналымының жалпы сомасы 905,7 млн теңгені құрады.

Сонымен қатар, операциялық кезең басынан бастап Қауіпсіздікті қамтамасыз ету орталығының желісі бойынша 1789 жағдай тіркелген, олардың ішінде 26-сы ұсақ ұрлық қылмысы. Жоғалған заттардың дені сақтаулы тұр.