$457.29 €490.35 ₽5.97
×

АҚШ Ұлттық қауіпсіздігі агенттігі бірқатар лауазымды саясаткерлерге тыңшылық жасаған

AstanaTV
02.07.2015ж. 13:00
982
АҚШ Ұлттық қауіпсіздігі агенттігі  бірқатар лауазымды саясаткерлерге тыңшылық жасаған

АҚШ Ұлттық қауіпсіздігі агенттігі Германия канцлері Ангела Меркельден басқа тағы бірқатар министрлер мен жоғары лауазымды саясаткерлердің артынан тыңшылық жасаған. Бұл туралы немістің «Вестдойчер рундфунк Кельн» телерадиостанциясы «Wikileaks» - ке сілтеме жасап хабарлады. АҚШ-тың арнайы қызмет тізімінде Германияның Қаржы министрлігінің телефоны мен факсінің нөмірі табылған. «Wikileaks» дерегінше, тыңшылық әрекет 1990 жылдан бері жүргізілген көрінеді. Америкалықтарды немістердің экономикалық және валюталық саясаты қызықтырса керек. Жуырда АҚШ Ұлттық қауіпсіздігі агенттігі Франция президентіне қатысты бақылау жүргізгені туралы ақпаратты  да «Wikileaks» таратқан болатын. Бұдан кейін Франсуа Олланд жедел түрде қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізген-ді.

Жұрағат БАМАН


orda

«Orda FM» радиосы

Бұл жақсы музыка, өзекті жаңалықтар, қызықты бағдарламалар мен еркеліктер толқыны
Онлайн тыңдау
AstanaTV жарнамасы

Телеграм-канал AstanaTV

Подпишитесь на наш телеграм-канал и будьте в курсе всех событий моментально . Участвуйте в различных розыгрышах