$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Футболдан Жапония құрамасы әлем чемпионатының ақтық сынына шықты

AstanaTV
02.07.2015ж. 20:00
959
Футболдан Жапония құрамасы әлем чемпионатының ақтық сынына шықты

Канадада футболдан әйелдер арасында әлем чемпионат жалғасуда. Топтық кезеңнен сүрінбей өткен Жапония құрамасы финалға жолдама алды. Жартылай финалда Күн Шығыс елінің футболшылары Англия командасымен кездесіп, 2-1 есебімен басым түсті. Бірінші таймда бас қазы екі мәрте пенальти тағайындады. Жапония құрамасы сапында команда капитаны Айя Миами командасын алға шығарса, өз кезегінде 11 метрлік айып добын орындауға мүмкіндік алған Марк Сампсонның шәкірттері де мүлт кетпеді. Бұл сында Фара Уильямс қақпашыдан айласын асырды. Бұл голдан кейін шабыттанған Англия командасы үзілістен кейін есепті еселеуге мүмкіндік алды. Бірақ, Сони Дунганның соққысы қақпа маңдайшасына тиіп кері қайтты. Ал қарымта шабуылға шыққан Сасаки Нори тәлімгерлері есепті еселеді. Нахаоми Кавасумидің соққысын қайтармақ болған Лора Бассет допты өз қақпасына соғып алды. Қорытынды есеп 2-1 Жапония командасының пайдасына. Енді финалда АҚШ және Жапония құрамалары бас жүлдені сарапқа салады.

Ұлыбритания астанасы Лондон қаласында теннистен «Уимблдон» турнирі жалғасуда. Әйелдер жарысында сынға түсіп жатқан Серена Уильямс үшінші кезеңге шықты. Екінші айналымда әлемнің бірінші ракеткасы Мажарстан спортшысы Тимя Бабошты екі сетте айналып өтті. АҚШ спортшысының ендігі қарсыласы Ұлыбритания теннисшісі Хитер Уотсон. Ерлер жарысы да қыза түсті. Екінші айналымда Хорватия спортшысы Марин Чилич пен Литва спортшысы Ричардс Беранкис өз ара сынға түсті. Кездесу үш жарым сағатқа созылды. Алғашқы төрт сет қорытындысы бойынша спортшылар тең түсті. Тек шешуші сетте табандылығымен танылған Чилич қарсыласының жігерін құм қылып, келесі айналымға жолдама алды.

Самат ҚАНАҒАТОВ