$520.93 €609.07 ₽6.68
×

Жолаушылар пойызы көпірден құлап, 12 адам қаза тапты

AstanaTV
03.07.2015ж. 13:00
1334
Жолаушылар пойызы көпірден құлап, 12 адам қаза тапты

Пәкістанда пойыз апатынан зардап шеккендерді құтқару ісі жалғасуда. Елдің Гуджранвала қаласы маңында жолаушылар пойызы көлге құлап, 12 адам қаза тапты. Geo TV телеарнасының хабарлауынша, тағы 40-қа жуық адам түрлі дене жарақатын алған. Белгілі болғандай, жылдамдықпен жүйткіп келе жатқан пойыздың екпініне көл үстіндегі  темір жол көпірі шыдас бермегенге ұқсайды. Салдарынан екі вагон суға құлады. Қазір оқиға орнында құтқарушылар жұмыс істеп жатыр. Олар 30-ға тарта  жолаушыны жағалауға аман есен алып шыққан. Алдын ала мәлімет бойынша  темір жол көпірі  осыдан 50 жылдай бұрын салынған. Пойыздың апатқа ұшырауына  осы су үсті өткелінің әбден тозығы жетуі себеп болған сыңайлы.

Ләйлә ҚАЗИАҚПАРОВА