$520.93 €609.07 ₽6.68
×

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевты бірқатар шет мемлекет басшылары туған күнімен құттықтады-Қазақпарат

AstanaTV
06.07.2015ж. 10:00
1374
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевты бірқатар шет мемлекет басшылары туған күнімен құттықтады-Қазақпарат

АҚШ Президенті Барак Обама Америка халқының атынан Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевты туған күнімен құттықтады,-деп хабарлайды Қазақпарат. «Осы айрықша оқиғаны отбасыңыз бен достарыңыздың ортасында атап өтіп жатқан күні Сізді мынаған сендіргім келеді: мен екі елдің маңызды қарым-қатынастары біздің халықтарымыздың игілігі үшін одан әрі дами беретініне күмән жоқ екеніне сенімдімін», - делінген құттықтауда. Ақүй басшысы  Нұрсұлтан Назарбаевқа мықты денсаулық және бақыт тіледі. Сондай-ақ  Испания Королі VI Фелипе  Қазақстан Президентін туған күнімен құттықтады. Жеделхатта Қазақстан мен Испания арасындағы қарым-қатынастардың достық сипатта екені де атап өтілген. Соңында VI Фелипе Қазақстан халқына татулық пен бақ-береке тіледі.

Мөлдір ДЮСЕКИНА