Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

Мемлекет басшысы гольфтан дәстүрлі Астана ашық жарысының тұсауын кесті

AstanaTV
06.07.2015ж. 10:00
1071
Мемлекет басшысы гольфтан дәстүрлі Астана ашық жарысының тұсауын кесті

Мемлекет басшысының «шеберлік сыныбы». Елорда күні қарсаңында Нұрсұлтан Назарбаев гольфтан Астана кубогі ашық жарысының тұсауын кесті. Бас қаланың жүлдесін сарапқа салған спортшылар арасында шет елдік гольф ойыншыларымен қатар, Қазақстанның бар саяси бомонды да бой көрсетті. Нағыз шеберліктің үлгісін Мемлекет басшысы елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі көрсетті. Оныншы жыл қатарынан ұйымдастырылып отырған турнирге қатысуға биыл 72 ойыншы өтініш берген. Оның ішінде кәсіби ойыншылармен қатар, министрлер кабинетінің командасы, Астана қаласының басшылығы және өзге де жоғары лауазым иелері бар. Елбасы өз сөзінде қазақстандықтардың осы ойын түріне деген жоғары қызығушылығын атап, ЭКСПО 2017 көрмесі аясында Астанада Жаңа гольф орталығының құрылысы жоспарланып отырғанын айтты.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Осы жылдардың ішінде жоқ жерден далада біз гольф клубты аштық. Бірнеше жігіттерді тәрбиеледік. Қазақстанда гольф мәдениеті еселеп өсіп келе жатыр. Бүгін де міне сол тойдың қарсаңында бүгінгі турнирді ашайық деп отырмыз. Баршаларыңызға табыс тілеймін.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ