Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

Елорда Астана күнін атап өтуде

AstanaTV
06.07.2015ж. 20:00
1991
Елорда Астана күнін атап өтуде

Астаналық аспазшылар 700 килограммдық «қазақша ет» пісіріп, Гиннесс рекордтар кітабынан бірақ шықты. Биыл Астана күнін мерекелеу аясында қала тұрғындары мен қонақтарына арналып көптеген қызықты әрі тың бағдарламалар ұсынылуда. Мерекеге орай қалада республикалық және халықаралық деңгейдегі 70-тен астам шара өтіп жатыр. Астана тұрғындары мен қонақтары үшін мерекелік шараларды мейлінше қолжетімді қылу мақсатында концерттер саябақтарда, гүлзарлар мен ашық алаңдарда өтуде. 

Аспаны ән-күйге бөленген қаланың тұрғындары мен қонақтары бұл жолы да естен кетпес қызықтың куәсі болды. Астана күні аясында бүгін бірқатар мерекелік шаралар ұйымдастырылуда. Олардың бірі «Астана самалы» атты фестиваль. Биылғы тарту аса ерекше. Оркестрлер Астананың ашық алаңдары мен орталық көшелерін салтантты түрде жүріп өтті. Мерекелік шерудегі концерттік бағдарлама нағыз сазды-әуенді думанға айналып, көпшіліктің көңілін көтерді.

Фестивальге 140-150-дей адамдай қатысып жатыр. Одан аспаса, кем болмас. Бұл фестиваль 4 шілдеде басталды. Қалалық алаңда ашылуы болды. Кеше 5 шілдеде де біраз мерекелік шара өтті. Марафон  концерттер және қалалық алаңда, саябақтарда өнерлерін паш етті.

Астананың туған күніне аспаздарда өзіндік тарту жасады. Шілденің төртінен бері қалалық алаңға елордадағы мейрамханалар мен дәмханалар өздерінің өнімдерін шығаруда. «Аспазшылар өнері - сүйікті қалаға» атты фестиваль үш күннен бері жалғасып жатыр.

Дәмді тағамдар демекші, бүгін аспаздар таза ауада қазақ халқының ет асудағы дәстүрлі рецептімен қала тұрғындарына арнап 700 килограммнан астам ет асты. Қазақстан халқы Ассамблеясы түрткі болған идеяны 20 аспазшы мен олардың көмекшілері іске асырды. Ал рекордты арнайы Лондонннан ат басын бұрып келген Гиннесс рекорд кітабының өкілдер тіркеді. Шара «Астана - Park Land» қалалық саябақтар фестивалі аясында «Ғашықтар паркінде» өтті.

Ералы Тоғжанов, Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары:

Бірліктің символы болған Астананың туған күні құтты болсын. Бүгінгі тайқазанда асылған осы мына бешбармақ үш мың адамға жетеді. Сондықтан осы жердегі азаматтардың бәрі де бүгін дәм тататындай жағдай болады деп ойлаймыз.

Жалпы мерекелік фестивальдер елорданың төрт саябағында өткізілуде. Олар «Студенческий», «Жерұйық», «Столичный» және айтып өткен «Ғашықтар паркі». Бұнда бүгін түнгі уақытқа дейін, балалар мен ересектерге арналған 60-қа жуық тегін шеберлік сыныптары, отбасылар үшін көңілді интерактивті ойындар, музыкалық тематикалық бағдарламалар, жазғы кинотеатрлар, балаларға арналған анимациялық бағдарламалар ұсынылады.

Орал Рысмағамбетов, ұйымдастырушы:

Мейрамдарың құтты болсын! Тыныштық болсын! Елге тыныштық, бақыт тілеймін жастарға. Мына Астана жастардың қаласы ғой. Гүлдене берсін. Жылдан жылға көркейіп келе жатыр. Бізде бүгін Қызылорда қаласынан келіп тұрмыз балалармен осы мейрамды тойлап, қарсы алуға.

 Жұрағат БАМАН