Алматының
8 ауданы да Астана күнін ерекше атап өтті. Бүгін таңсәріден түрлі мәдени
шараларды ұйымдастырылып, өнер иелері той көрігін қыздырды. Танымал эстрада жұлдыздары өнер көрсетіп, ақсақалдар ел
ордасы мәңгі жасасын жеген ақжарма тілектерін жеткізді. Қасиетті аймен
тұспа-тұс келген мерейтойды жақсылыққа балап, егемен елдің бірлігін бекемдей
түсейік деп, жастарды ауызбіршілікке үндеді.
Әуезді ән тыңдап, мың бұралған
бишілердің өнеріне тәнті болған жұртшылық түс ауа қолөнер көрмесін тамашалады.
Ел жетістігін паш ететін тағылымды кітаптарды қарап, балалар қиялындағы Астана
суреттерін қызықтады.
Хамит
Біржанов, Бостандық ауданы Ардагерлер кеңесінің төрағасы:
Тоғыз
жолдың торабында тұрған Астана қаласы халқымыздың күре тамыры іспетті. Биылғы
мереке бір қуанышты жері Қасиетті Рамазан айы Оразаға тура келіп отыр, он жеті
жылдық мерекесі. Алланың көзі түзу болсын! Астанамыз өсіп, өркендей берсін!
Айгүл ЕРМАХАН