$488.45 €529.19 ₽5.04
×

Ресейге электр энергия экспорты екі айдан бері тоқтап тұр

AstanaTV
25.09.2018ж. 20:00
2489
Ресейге электр энергия экспорты екі айдан бері тоқтап тұр

    Ресей Қазақстанда өндірілген электр энергиясын сатып алудан бас тартты. Экспорт екі айға жуық тоқтап тұр. Бұл туралы «KEGOC» компаниясының өкілдері мәлімдеді. Теріскей мұның себебін ресми түрде құжаттардың дұрыс болмауы деп түсіндірген. 

    Алайда электр тасымалдаушы компания бейресми себебі - тиімсіз баға екенін біліп отыр. Бұдан бұрын Қазақстан Ресейге электр энергияның киловатын 5 теңгеден сатып келгені айтылған. Ал ішкі нарықтағы тоқ құны бұдан екі есе қымбат. Сондықтан көрші елдің экспорттан баға саясатына қатысты бас тартуы қисынсыз көрінеді. 

Айбек Ботабеков, «KEGOS» АҚ Қаржы және есепке алу жөніндегі басқарушы директоры:

Өкінішке қарай Ресей тарапының ұсынысымен экспорт 2-ші тамыздан бастап тоқтатылды. Қазір біз әріптестерімізбен бірге жағдайды реттеуге тырысып жатырмыз. Жақын арада мәселе шешіліп, экспортты қайта жолға қоямыз деп үміттенеміз. 

Қылышбаева Г.