Біріккен Ұлттар ұйымы тек 5 мемлекеттің мүддесіне қызмет етеді және әлемде қалыптасқан жағдайды бақылауға қауқарсыз. Нью-Йоркте өтіп жатқан БҰҰ-ның Бас Ассамблеясында Түркия басшысы Реджеп Тайып Ердоған осылай деді. Оны қуаттағандардың бірі Франция президенті Эммануэль Макрон. Осылайша биылғы 73- отырыс биік мінберден айтылған сын-пікірлермен есте қалмақ.
Реджеп Тайып, Эрдоған, Түркия президенті:
Әлбетте, бұл ұйымның атқарған жұмыстарына қанағаттанбаймыз. Осындай маңызды ұйымның сынға ұшырағанын да қаламаймыз. Бірақ ешқандай әрекет етпей, бос отыра алмаймыз. Экономикалық дағдарыс ешкімге керек емес. Түркия теңдікті қалайды.
Отырыста көңіл-күйі көтеріңкі болған тек Дональд Трамп. Ақ үй қожайыны туындаған проблемаларды айналып өтіп, соңғы 2 жыл ішіндегі өз жетістіктерін тізіп, келекеге ұшырады.
Біріккен ұлттар ұйымы атына бұрын да оқтын-оқтын сыни пікірлер айтылатын. Сарапшылар бұл ретте Ұйым бюджетін алға тартады. Өйткені АҚШ алып ұйымның бюджетінің 22 пайызын қамтиды.
Кәкімжан С.М.