$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Үйі жөндеуден өткен тұрғындар қазына қаржысын қайтармай отыр

AstanaTV
27.09.2018ж. 20:00
2455
Үйі жөндеуден өткен тұрғындар қазына қаржысын қайтармай отыр

Ал, Павлодарда тұрғын-үй жаңғырту бағдарламасы бойынша қарыз жарты млрд-тан асып жығылды. Жауапты мекеме жөндеу көрген 82 үйдің 66-сы бойынша берешекті мәжбүрлеп қайтаруға көшкен. Баспанасын қазына қаражатына жаңартып алған, керекуліктер оның қайтарымы барын түсінбеген сыңайлы. Бірақ, кейбірі сапасыз жөндеуге бола, ақша төлеуге келіспей жатыр.

Әсемгүл МҰХИТҚЫЗЫ, ТІЛШІ:

Толстой көшесіндегі мына бес қабатты үйдің тұрғындары мемлекеттік жаңғырту бағдарламасына 2012 жылы жүгінген. Бағдарлама аясында баспананың шатыры, жертөлесі, ортақ дәліздері мен терезелері түгел жаңартылуы тиіс болатын. Қомақты қаржы бөлінді. Алайда, жасалған шаруа тұрғындардың көңілінен шыққан жоқ. 

Это еще старая их плита. Не потолок, ничего, все, вот это все сыпется. Все валится. Это вот они так сделали. За что платить я незнаю. Не понимаю.   

Бұл үйдің байырғы тұрғыны Майя Кох «Жаңғырту» бағдарламасын естігенде қатты қуанғанын жасырмайды. Ескірген үйіміз жаңарып, шұрық-тесіктер бір жамалады деп сенген. Бірақ, үміт ақталмады. Жөндеу жұмыстары сапасыз шыққан. Әуелде 2 мың теңге деп бекітілген төлем соттар мен қарыздан кейін қазір 10 мың теңгеге өскен.     

Майя КОХ, ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:  

Әрине, мен үшін бұл ауыр. Өйткені, көріп отырсыздар мүгедек қызым бар, оның дәрі-дәрмегі дегендей. Басқа да сатып алатын нәрселер көп. Әйтіп-бүйтіп төлеп келем, басқа амал жоқ. 

Тұрғындардың сапасыз жұмысқа көңілі толмайды. Жөнделген ортақ дәретхананың сиқы мынау. Қабырғадағы әк үгіліп, плиталар сынып жатыр. Ал, құбырлар әлден шіріп барады. Үй басқарушысы Любовь Козлова түбіртектің уақытында келмеуі, қарыздың қордалануына әкелді дейді.    

Любовь КОЗЛОВА, ҮЙ БАСҚАРУШЫСЫ:  

Бұрынғы Горкомхоз бізге түбіртектерді әкелген жоқ. Мүлдем. Осының кесірінен қарызымыз аспандап кетті. Бәлкім біреулер төлеген болар, оны айта алмаймын, егер түбіртек қолымызда болса, біреу төлейді ғой. Бізге түбіртекті тек 2016 жылдың мамыры немесе маусымынан бастап әкеле бастады. 

«Жаңғырту» бағдарламасы аясында бұл үйге 32 млн теңге бөлінген. Жөндеу жұмыстары 2012-нің аяғында аяқталды. Сәйкесінше, төлем жаңа жылдан басталуы керек-тін. Бес жылда тұрғындардың берешегі 20 млн теңгеге жеткен. Жауапты мекеме дерегінше мемлекеттік бағдарлама бойынша павлодарлықтардың қарызы жарты млрд теңгеден асқан.      

Светлана ТАЙЛАКОВА, «ГОРКОМХОЗ МОДЕРНИЗАЦИЯ ЖИЛЬЯ» ЖШС ЗАҢГЕРІ:  

Дәл қазіргі уақытта Павлодар қаласының борышкер-тұрғындары төлемдерін бастады, жаман емес. Сот өндіру істері бойынша да, одан бөлек те біз түсіндіру жұмыстарын жүргіземіз. Мамандар үй-үйді аралап тексереді. Оларға қарызды өтеу керегін айтамыз. Бұл бюджеттен бөлінсе де, қайтарымды қаражат. 

Қазіргі уақытта сот 382 іс бойынша 39 млн теңгені өндіріп алу туралы шешім шығарған. Борышкерлер 9 млн теңгені қайтарды. Петропавлда 82 тұрғын-үй күрделі жөндеуден өтсе, серіктестік соның 66-сы бойынша қарызды өндіруді қолға алды.  

Ә. Мұхитқызы