Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Назарбаев ТМД елдері арасында сауда кедергілерін жоюға шақырды

AstanaTV
28.09.2018ж. 20:00
2947
Назарбаев ТМД елдері арасында сауда кедергілерін жоюға шақырды

«ТМД елдері арасында сауда кедергілерін жою керек». Нұрсұлтан Назарбаев Тәжікстан астанасы Душанбеде өтіп жатқан ТДМ Кеңесінің саммитінде осылай деді. Сапар барысында Назарбаев ұйымға бір жыл төрағалық еткен Тәжікстан президентімен жеке кездесті. Эмомали Рахмон әріптесіне қолдау көрсеткені үшін ризашылығын білдірді.

Эмомали РАХМОН, ТӘЖІКСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:  

Мы очень рады, что вы всегда самый главный политик, который был активным. Всегда принимали участие, вели эти мероприятия. И сегодня присутствуете здесь, и поддерживаете Таджикистан. 

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:  

Я с большим удовольствием прибываю всегда в Душанбе. Отношения между нашими странами, лично между нами, все эти годы были самые доверительные, самые близкие.  

Тәжікстан президенті ТМД елдерінің басшыларына ерекше достық кешін ұйымдастырды. Мәртебелі меймандар үкімет резиденциясының ауласында табиғат өнімдерінің көрмесімен танысты. Көрмеге жеміс-жидек пен көкөністің алуан түрі молынан қойылған. Президенттер құнарлы өлкенің өнімінен дәм татып, тәнті болды. Тәжікстан ежелден экологиялық таза және ұлттық тағамдарымен даңқы шыққан ел. Сондықтан, ТМД мен өзге де мемлекет нарығына жоғары сапалы ауыл шаруашылық өнімдерін жеткізуге дайынбыз дейді, ресми Душанбе. Ұйымның келесі төрағалығы Түрікменстанға тапсырылды.

Ғ. Қылышбаева