$481.84 €531.33 ₽5.07
×

Оралдық кәсіпорын Россельхознадзордың айыптауымен келіспей отыр

AstanaTV
28.09.2018ж. 20:00
2403
Оралдық кәсіпорын Россельхознадзордың айыптауымен келіспей отыр

Десе де, Ресейге ет экспортына қатысты жаңа кедергілер туындап жатыр. Оралдық «Кублей» кәсіпорны «Россельхознадзордың» айыптауымен келіспейді. Бұл туралы кәсіпорын заңгері Гүлфия Қалиева айтты. Бұдан бұрын ресейлік мекеме ресми сайтында қазақстандық бес кәсіпорынның өнімінде ветеринарлық-санитарлық талаптардың өрескел бұзылғаны туралы ақпарат жариялаған. Ол кәсіпорындар арасында оралдық «Кублей» шығарған қалбырдағы өнімдері де бар. Қой етінің қуырдағы салынған 720 дана қалбырдан кадмий табылғаны айтылған. Кадмий - аса қауіпті, токсинді ауыр металл саналады. Бірақ, мекеме өкілдері зиянды зат өз өнімдеріне жоқ деп отыр. 

Гүлфия ҚАЛИЕВА «КУБЛЕЙ» ЖШС ЗАҢГЕРЛІК БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ

Хаттамада кадмийдің 0,18% мөлшерінде екендігі келтіріледі. Ал, қалбырдағы азық-түлік өнімдері қауіпсіздігінің техникалық регламенті бойынша кадмийге 0,3% дейін рұқсат берілген. Демек біздің көрсеткіш межелі мөлшерден екі есеге төмен. Осының кесірінен кәсіпорын беделіне нұқсан келді. Россельхознадзордың талабымен келіспейміз, енді еліміздегі мемлекеттік органдарға шағымданамыз.

Айта кетелік, кадмий - қауіптілігі жағынан екінші класқа жататын токсинді ауыр металл санатында. Сондай-ақ, ресейлік ресми сайтта «Ижевский» өндірістік кооперативі мен «Кузьмич» серкітестігі шығарған өнімдерден де листерия табылды. Ал, «Арай-East Food» шұжығының құрамы талапқа сай еместігі хабарланды. 

Е.Карин


https://youtu.be/dbylzR_fr1s