Мұхтар Әуезовтың алғаш «Абай» деп аталған романының жарық көргеніне биыл тура 75 жыл.
Осыған орай Ұлттық академиялық кітапханада «Бір кітап көрмесі» және «Құлақтан
кіріп бойды алар» атты дөңгелек үстелі өтті. Кітап сонау 1942 жылы ел үшін ең қиын жылдары
басылып шыққан. Онда ойшыл ақынның жеке тұлға ретінде қалыптасуы мен өткен
ғасырдағы қазақ даласының салт-дәстүрі бейнеленеді.
Миллиондардың жүрегінен
орын тапқан кітап 1948 жылы Мемлекеттік сыйлыққа лайық деп танылған еді.
Бүгін ұлттық академиялық кітапханада еліміздің зиялы өкілдері бас қосып, орамды
ойларын ортаға салып, тереңнен сыр шертті.
Тұрсын Жұртбай, профессор, абайтанушы, әуезовтанушы:
Осы «Абай» романының дүниеге келуі арқылы, ғылымның барылық саласы, қазақ зиялылары, тіпті ҰОС кезіндегі жауынгерлер де, мектеп оқушылары да мүлдем жаңа
деңгейге көтерілді.