Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

Елде салынып жатқан 76 мектептің 12-сі туралы ақпарат мүлде жоқ

AstanaTV
01.10.2018ж. 20:00
2490
Елде салынып жатқан 76 мектептің 12-сі туралы ақпарат мүлде жоқ

Елде салынып жатқан 76 мектептің 12-сі туралы ақпарат мүлде жоқ. Білім саласындағы бюджеттің игерілуін қараған депутаттар олардың қайда салынып жатқанынан хабарсыз екендерін айтты. 2017-2019 жылдары білім ошақтарын салу үшін бюджеттен 145 млрд теңге бөлінген. Қаражатқа балабақшаны қосқанда 179 нысан салынуы тиіс. Бірақ 20-дан астам мектептің құрылысы әлі басталмағаны белгілі болды.

Павел КАЗАНЦЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ:  

«Мектеп құрылысына қаражат жетпей жатыр дейді. Ондай жағдай болған. Бірақ осы орайда бір ескеретініміз 12 мектепті біз тіптен жоғалтып алдық. Жобаның соңғы жылы аяқталуда, бізде қолданысқа берілмеген мектептер 30 пайызды құрап отыр. Айналдырған 40-тан аса мектеп салынуы тиіс».                                                                                                                                                        

Бибігүл АСЫЛОВА, ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:  

«Үш жыл ішінде біз үш аусымдық 109 мектеп салдық. Және 79 апаттық жағдайдағы мектепке құрылыс жүргіздік. Қазір 41 мектептің құрылысы жүріп жатыр. Осы орайда Ұлттық қордан 280 млрд теңге бөлінді. Бюджеттің жетіспеуінен 64 мектептің құрылысы тоқтап тұр». 





https://youtu.be/C2-n0U6es7g