Спорт Қазақстан
$448.89 €477.93 ₽4.76
×

Ақтөбедегі алапат өрттен 30 пәтерге зақым келді

AstanaTV
05.10.2018ж. 18:36
2067
Ақтөбедегі алапат өрттен 30 пәтерге зақым келді

Ақтөбеде 9 қабатты үйден шыққан өрттен 30 пәтер зақымданды. Оның біреуі түгел жанып кеткен. Өрттің шығу себебін анықтау үшін арнайы сараптама тағайындалған. Тұрғындар шығынын кім өтейді? Бақыт Рахметова анықтады.  

Даниалдың пәтері жетінші қабатта. Ол бір жыл бұрын ғана пәтеріне күрделі жөңдеу жүргізгенін айтады. Дүние-мүлкі бүлініп, балконы түгел жанып кеткен. Кеше өз ақшасымен қонақ үйде түнеп шығыпты. Енді қыс таяғанда шығынды кім өтейді деп қынжылады. 

Даниал АЯПБЕРГЕНОВ: 

Бізде ночевать и где. Все квартира жанып кетті. Квартира заттар, ақша бәрі, аппаратура жанып кетті. Потолоктар капитальный ремонт керек. Моральный, материальдық залалды кім төлейді? Білмейміз.

Тұрғындар қызыл жалынның тоғызыншы қабатқа дейін жалындауына үйдің сыртындағы әдемілік үшін жапсырылған құрылыс материалдарынан көріп отыр. Бұл орталық даңғылдағы үйлерге бес жыл бұрын жабыстырылған.  

Шолпан ӘБДІҚҰЛОВА: 

Пластиковые окна, везде, все обшито пластиком. Барлық жерде пластик терезелер, үйдің сырты пластик панельмен қапталған. Орталық көше болған соң,әдемілік үшін жасалған. Осы пластик панельдердің кесірі. Олар болмағанда өрт жоғары көтерілмес еді. Үшінші қабат өртенсе, сонда тоқтар еді. Ал, мына панельдер қатты жанады. Сосын бізге дейін жетті.

Өрт үшінші қабаттағы 69-шы пәтерден тұтанған. Бұл кезде үйде ешкім болмаған дейді төтенше жағдай мамандары. Бірақ, оқыс жағдайға не себеп болғаны әзірге белгісіз. Өрт ошағы болған пәтердің сау тамтығы қалмаған. Полиция пәтер иесінен жауап алған. Оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды.  

Ернұр ӨТЕГЕНОВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСТЫҚ ТЖД БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: 

Балконнан басталған жоғары қарай жанғыш материалдар атап айтқанда терезе, басқа материал арқылы жоғары қарай тараған.

Бір белгілісі тілсіз жау 30 пәтерді зақымдаған. Бұл бүлінген үйлердің шығынын кім өтейтіні әзірге белгісіз. Әкімдіктегілер демеушілердің көмегіне жүгінгендерін айтып отыр. Оқиғаға қатысты төтенше жағдай жарияланбағандықтан қазынадан қаражат бөлінбейтін болған.  

Қуандық ҚАСЫМОВ, АҚТӨБЕ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: 

Қоғамдық қор тарапынан көмек көрсету мәселелері қарастырылып жатыр. Ол өзіңізге белгілі ақшаның түсуіне байланысты. Сараптама қорытындысы шықпай ешқандай көмек көрсету мүмкін болмай тұр. Заң бойынша өтем төлеу кім кесір әкелді сол кісіге жүктелу керек.

Бақыт РАХМЕТОВА, ТІЛШІ: 

Арнайы қызметтер өртенген үйдің сыртқы қасбетін бір түннің ішінде қалпына келтірген. Әзірге демеушілердің көмегімен пәтер терезелері жаңартылып жатыр. Енді пәтерлер жеке-жеке қаралып, шығын көлемі анықталмақ. Ол үшін үй ауласында арнайы комиссия жұмыс істеп жатыр. 30 пәтерге келтірілген шығынды кімнің өтейтіні сараптама қорытындысынан кейін белгілі болады.

Б. Рахметова