Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Қазақстандағы үздік құрылыс компаниясының бірі «Базис-А»-ның нарықта жүргеніне 26 жыл

AstanaTV
11.08.2017ж. 20:00
5623
Қазақстандағы үздік құрылыс компаниясының бірі «Базис-А»-ның нарықта жүргеніне 26 жыл

Қазақстанның құрылысшылары демалыс күндері кәсіби мерекелерін атап өтпек. Мейрам қарсаңында "Базис-А" корпорациясы атқарылған жұмыстарды талқылап, жоспарларын пысықтады. Нарықтағы ең ірі құрылыс компаниялардың бірі биыл да халықаралық маңызы бар нысандарды салудан шет қалмады. 26 жыл ішінде өзін сенімді әрі жауапты компания ретінде көрсете білген мекеме ЭКСПО құрылысына атсалысты. Көрменің бірнеше павильонын салып қана қоймай, ЭКСПО қалашығы аумағында жаңа үйлерді пайдалануға берді.

Қысқы универсиадада ашылған Almaty Arena, күрделі жөндеуден өтіп, қала қонақтарын қайта құшақ жая қарсы алған «Бәйтерек» монументі, қала тұрғындары мен қонақтарының көңіл-күйін ерекше мерекеге бөлеген ЭКСПО көрмесіндегі бірсыпыра павильондар. Бұлардың барлығын «Базис-А» корпорациясы салды. Одан қалды, қала қонақтары мен шетелдік меймандар осы құрылыс компаниясы салған үйлерде тұрып жатыр. Қала халқына да су жаңа тұрғын үй кешені берілді. Пәтерді бұл үйден таңдауының сырын тұрғындар былай деп түсіндірді.

Болат Байниязов, ЕХРО ПЛАЗА кешенінің тұрғыны:

Біз пәтер іздеп жүргенімізге біраз уақыт болған еді. Біз сияқты жас әрі екі баласы бар отбасы үшін бұл расымен де маңызды таңдау жасауды қажет етті. Ең маңызды фактор - бұл сенімді құрылыс компаниясымен, өзіміз бен балаларымыздың қауіпсіздігі. Сондай -ақ орналасу жері де маңызды, сондықтан таңдау осыған түсті. Осы ірі компанияға барып, пәтерді осыдан аламыз деп шештік. «Базис-А» компаниясы осы ауданды ұсынды, көрдік те, көп ойланудың қажеті жоқ екенін түсіндік.

ЕХРО Плаза «жасыл құрылыс» стандарттарына сай салынған. Мұнда таза табиғи құрылыс материалдары қолданылып, терезелер жылу сақтағыш қабатпен көмкерілген. Замануи технологиялардың барлығы энергияны барынша сақтап қалуға бағытталған. Салауатты өмір салтын ұстану үшін балаларға қауіпсіз ойын алаңдары мен жаттығу орындары жасалған. Бұл комьюнити-орталығы, яғни балаларды уақытша қарап, түрлі сабақтар мен ойындар өткізуі мүмкіндігі қаралған жалғыз тұрғын үй кешені. Ол барлық тұрғын толық қоныстанып біткен соң, өз жұмысын бастайтын болады.