$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Швейцария Конфедерациясының президенті Д.Лойтхард "ЭКСПО"-ны аралады

AstanaTV
11.08.2017ж. 20:00
3490
Швейцария Конфедерациясының президенті Д.Лойтхард  "ЭКСПО"-ны аралады

Бүгін "ЭКСПО" қалашығында Швейцарияның ұлттық күні. Шараға қатысқан Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов қос елдің дипломатиялық қарым-қатынасына 25 жыл толғанын атап өтті. Сұлтановтың айтуынша, Швейцария - баламалы энергетика, қаржы, құрылыс, денсаулық сақтау, басқа да салалар бойныша көшбасшы елдердің бірі. Жахандық инновациялық индекс рейтингінде жеті мәрте жоғары баға алуы осының дәлелі. Швейцария бар тәжірибесімен "Экспо" көрмесінде бөлісті. Ұлттық күнге орай, Конфедерация Президенті Дорис Лойтхарда келіп, арнайы сөз сөйледі.

Дорис Лойтхард, Швейцария Конфедерациясы президенті:

ЭКСПО-2017 "Болашақ Энергиясы" - жер шарының тұрақты дамуына негіз болатын өзекті тақырып. Энергияны өндіру және экологиялық тазалық бір-бірімен тығыз байланысты. Сондықтан ЭКСПО-2017 әлемдік қауымдастық үшін маңызды. Біз жаңа технологияларды таратып, Қазақстан мен Швейцария арасындағы тұрақты қарым-қатынасты дамыта түсеміз.