Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Геннадий Головкин мен Сауль Альварес жекпе-жегінің VIP билеті 2,5 миллион теңге тұрады

AstanaTV
11.08.2017ж. 20:00
2463
Геннадий Головкин мен Сауль Альварес жекпе-жегінің VIP билеті 2,5 миллион теңге тұрады

Геннадий Головкин мен Сауль Альварес жекпе-жегінің VIP билеті қанша тұрады? Бүгін жерлесіміз айқас алаңына кіру мүмкіндіктерін твиттердегі парақшасында жазды. Онда «Головкин командасынан, менің достарым және Life in Motion Group-тағы серіктестерімнен өзіңнің VIP-билетіңді ал» делінген. Life in Motion Group компаниясының Головкин командасымен жұмыс істеп келе жатқанынан бес жыл болды. Ол GGG айқастарына VIP-рұқсаттама ұйымдастырумен айналысады.

Бір адамға арналған ең арзан VIP-билеттің бағасы 1250 доллар. Ол теңгеге шаққанда 416 260 теңге. Ал ең қымбаты 7 490 доллар тұрады. Теңгемен 2 жарым миллион теңгеге жете қабыл. Бұл қымбат билетке ең жақсы орындар, GGG командасы тоқтайтын қонақүйден орын, әуежайға және әуежайдан трансферлер, GGG-ден фирмалық сыйлық жиынтығы және қолтаңба қойылған эксклюзивті қолғаптар кіреді. Жерлесіміз Головкин мен мексикалық Альварес жекпе-жегі 16 қыркүйек күні Лас-Вегастағы T-Mobile Arena-да өтеді.