Елде
жаңа оқу жылы қыркүйектің 2-сінен басталады. Ол Астанаға да қатысты. Алғашқы
қоңыраудың сенбі күні өтуі ЭКСПО көрмесіне байланысты емес.
30
тамыз - Конституция күні. Ол күні қазақстандықтар демалады. 31-і - бейсенбі
жұмыс күні. Ал 1 қыркүйек - Құрбан айт мерекесі. Мұсылмандардың ең басты мерекесі - күнтізбедегі қызыл дата. Сондықтан жұма күні қазақстандықтар демалатын болады.
Ал екінші қыркүйек күні алғашқы қоңырау соғылып, жаңа оқу жылы басталады.