Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

«Айқын» және «Литер» республикалық қоғамдық-саяси газеттері Алматыдан Астанаға қоныс аударды

AstanaTV
10.10.2018ж. 20:00
3559
«Айқын» және «Литер» республикалық қоғамдық-саяси газеттері Алматыдан Астанаға қоныс аударды

«Айқын» және «Литер» республикалық қоғамдық-саяси газеттері Алматыдан Астанаға қоныс аударды. Бүгін «Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев осы редакциялардың ұжымымен және басшылығымен кездесті. Редакциялардың Астанаға көшудегі басты мақсаты-саяси, әлеуметтік-экономикалық шешімдер мен ақпараттар ағымы қалыптасатын орталыққа жақын болу. Мәулен Әшімбаевтың айтуынша, бүгін партиялық БАҚ пен «Нұр медиа» холднигінің алдында контентті жаңғырту, материалдардың жазылу стилі мен жеткізілу формаларын өзгерту сияқты жаңа тапсырмалар тұр. 

Мәулен ӘШІМБАЕВ, «НҰР ОТАН» ПАРТИЯСЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ: 

Журналистер үшін бұл үлкен мүмкіндіктер деп есептейміз. Сіздер кәсіби журналистсіздер. Журналистерге жақсы материалдар керек, идеялар, мүмкіндіктер керек. Осындай мүмкіндіктер ашалып жатыр. Осыны пайдаланып, газеттерміздің жаңа денгейге шағарамыз деп сенеміз.

Бұрын, партиялық холдингтің құрылымын оңтайландыру мақсатында «Литер» мен «Айқын» газеті «Айқын-Литер» деген бір серіктестікке біріктірілген болатын. Қабылданған шаралар газет жұмысының тиімділігін арттырып, ұжым қызметкерлерінің шығармашылық белсенділігін бір жерге шоғырландыруға өз үлесін қосатын болады. Аталған басылымдардың редакциялары Қонаев көшесіндегі «Нұр Отан» партиясы Орталық аппаратының ғимаратында орналасқан. Мұнда ұжымның шығармашылықпен айналысуы үшін барлық жағдай жасалған. 

Динара ТІЛЕУБЕК, «AIQYN» ГАЗЕТІНІҢ ТІЛШІСІ:

Журналист үшін шығармашылық атмосфера өте маңызды. Ескі офистің ақ қабырғалары, Кеңес заманынан келе жатқан ғимарат болды. Бұл жерде «ашық кеңістік», дәліздер арқылы жүгірудің қажеті жоқ. Жай ғана бұрылып, көмек сұрай аласыз. Астанамызда жаңа тұлғалар пайда болады, біз жаңа мәселелерді көтеретін боламыз.

Д. Сапарқызы