Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Көңіл айту жеделхаты

AstanaTV
10.10.2018ж. 20:00
5560
Көңіл айту жеделхаты

Нұрсұлтан Назарбаев Шерхан Мұртазаның қайтыс болуына байланысты туған-туыстары мен жақындарына көңіл айту жеделхатын жолдады. Жеделхатта «Шерхан Мұртаза бүкіл ғұмырын төл әдебиетіміз бен мәдениетіміздің дамуына арнаған біртуар азамат, қазақтың мұңын мұңдап, жоғын жоқтаған нар тұлғалы қаламгер, қарымды қоғам қайраткері болды. Ұлт руханиятында өзіндік қолтаңбасы бар заңғар жазушы соңына мол мұра, өрісті өнеге қалдырды. Шерхан Мұртаза қазақ журналистерінің бірнеше буынын тәрбиелеген ұлттық баспасөздің биік бәйтерегі еді. Қашанда әділдік пен ақиқаттың алдаспаны болғаны үшін қара сөздің зергері, шындықтың шырақшысы атанған Шерхан Мұртазаны халқы «Шерағаң» деп қадір тұтты» делінген. Қазақ елі жазушыны 11-қазан күні сағат 10.00-де Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық драма театрынан ақтық сапарға шығарып салады. Марқұм «Кеңсай» зиратына жерленеді. Айта кетейік, қазір жаңалықтардан кейін арнамызда «Бір кем дүние» атты деректі фильм эфирге шығады.   

М. Дюсекина