$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Керекуде электр үлестіруші компания тұтынушылар есебінен іс-сапарлар мен сыйақы шығындарын өтеп келген

AstanaTV
12.10.2018ж. 20:00
5186
Керекуде электр үлестіруші компания тұтынушылар есебінен іс-сапарлар мен сыйақы шығындарын өтеп келген

Керекуде электр таратушы компания іс-сапар мен сыйақы шығындарын тұтынушылар есебінен өтеп келген. Тарифті бекіту заңдылығын тексерген прокурорлар осыны әшкереледі. Белгілі болғандай, өңірдегі электр тасымалдаушы компания соңғы екі жыл бойы өз қызметінен қосымша 2,7 млрд теңге пайда тапқан. Монополист тарифті бекіту кезінде оған кіретін шығындар ішіне жұмыскерлерге тағайындалатын сыйақыны қосып жіберген. Жалпы сомасы 74 млн теңге. Ал, іс-сапарға кеткен қаражат-39 млн теңгені құрапты. Бұған қатысты «Павлодарэнерго» компаниясы қандай бір түсінік беруден бас тартты.  

Айдос ШОРМАНОВ, ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫ ПРОКУРАТУРАСЫНЫҢ ПРОКУРОРЫ: 

Қала прокуратурасы Павлодар электр желілерін таратушы компаниясы АҚ жұмысшыларға сыйлықақы және жол сапары шығындарының төлеу электр беру бойынша қосымша табыс алу және тағы басқа да тарифке негізсіз қосу фактілерін анықтады. 

А. Мұхитова  

https://youtu.be/aEfmCaKzW5g