Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Қазақстандықтардың әл-ауқаты мен тұрмыс сапасының жақсаруы «Нұр Отан» партиясының бақылауында

AstanaTV
12.10.2018ж. 20:00
3479
Қазақстандықтардың әл-ауқаты мен тұрмыс сапасының жақсаруы «Нұр Отан» партиясының бақылауында

Мемлекет басшысының Жолдаудағы нақты тапрсырмаларының жергілікті жерлерде орындалу барысын «Нұр Отан» партиясы бақылауда ұстайды. Бұл туралы партия төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев, Қызылордаға барған сапарында айтты. Сондай-ақ, партия бастамалары бойынша атқарылған жұмыстармен танысты. Жуырда ашылған коворкинг орталықтарының бірінде болып, «STEM» жүйесі іске қосылған мектеп-лицей ұжымымен кездесті.  

Мәулен Әшімбаев Сырдың сол жағасында бой көтеріп жатқан жаңа ғимараттардың құрылысымен танысты. Мұнда «Қолжетімді баспана» бағдарламасымен 38 көпқабатты тұрғын үй салынып жатыр. Әкімдік тұрғындарға баспаналы болудың оңай жолын ұсыныпты. Яғни, бастапқы салымсыз несиемен пәтер алуға болады. Облыс активімен кездескен Мәулен Әшімбаев Жолдаудағы әр тапсырманың орындалуы, партияның қатаң бақылауында болатынын ескертті.     

Мәулен ӘШІМБАЕВ, «НҰР ОТАН» ПАРТИЯСЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ: 

Партия алдағы уақытта Елбасы Жолдауының жүзеге асырылуына қатаң бақылауды қамтамасыз етіп, барлық өңірлерде, барлық облыстарымызда Елбасының берген тапсырмаларының орындалуына біз қадағалау жасап, осы бағыттағы жұмысты күшейтеміз. Егер де мемлекеттік органдар, әкімдер Елбасы тапсырмаларын уақытылы, тиянақты орындамай жатса, бұл мәселелерді біз көтеруіміз керек, айтуымыз керек, әрі қарай олардың орындалуына біз үлесімізді қосуымыз керек

Жергілікті кәсіпкер Айгүл Мұхамеджанова мемлекет басшысы бизнесті үнемі қолдайтынын айтады. Бір кезде базарда балық сатқан ол, тәуекелге бел буып, отандық өнім шығаруға кіріскен. Бүгінде күніне 400 дана шұлық тігеді. Құрал-жабдықты Қытайдан, өзгесін Ташкенттен алып ерлерге, әйелдерге, балаларға арналған дайын өнім шығарады. Енді тауарды өзге де нарықтарға өткізуді ойлайды.  

Айгүл МҰХАМЕДЖАНОВА, КӘСІПКЕР: 

Әрине, балық сату ол бір бөлек. Осы шұлық шығаруды жолдасым айтты, әуелгі кезде қорқа соқтым, қорықтым десем де болады. Қазіргі таңда күніне 350-400 дана носкиді шығарып жатырмыз. Оның сапасы өте жоғары деп айтсам болады. Кигенде жұмсақ. 75 проценты-мақта десем болады. Қызылордалық, отандық өнім деп алып жатқаны рас. Сауда болатынына көзім жетеді.

Мәулен Әшімбаев партияның облыстық филиалы атқарып жатқан жұмыстармен танысты. Нөмірі 3-ші ақпараттық технологиялар мектеп-лицейінде ашылған «STEM» жүйені көрді. Мұнда балалар бағдарламалау мен робот техникасының негіздері бойынша тегін білім алады. Бұған оң баға берген «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары негізі айти-мамандады даярлауды қолға алу керектігін атап өтті. Ал, Тәжібаев атындағы әмбебап ғылыми кітапханада 5 жарым мыңға жуық кітап цифрлы форматқа ауыстырылды. Коворкинг орталығы жастардың пікір алмасатын алаңына айналған.  

  Ш.Сақтапова