Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Астанадағы ең биік ғимарат үшінші рет сатылымға шығады

AstanaTV
12.10.2018ж. 20:00
7315
Астанадағы ең биік ғимарат үшінші рет сатылымға шығады

Астанадағы ең биік ғимарат үшінші рет сатылымға шығады. Ерекше сәулетін қарап ел арасында «книжка» деп аталып кеткен, бірақ ресми атауы «Зүбәржат орамы» 16 қазанда тағы аукционға шығарылады. 47 қабатты ғимараттың тағдыры содан соң бірақ шешілмек. Нысан «ҚазМұнайГаз»-дың меншігі. Былтыр жекешелендіру тізіміне іліккен. Зәулім ғимараттың бағасы 24 млрд 83 млн теңгені құрайды. Жалпы ауданы 101 мың шаршы метр.    

Жангелді СЕЙІТОВ, «ҚАЗМҰНАЙГАЗ-СЕРВИС» ЖШС БАС ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ : 

Егер, 16 қазанда ғимарат тағы да сатылмаса, ұжымдық шешімге сәйкес, тиісінше нысанның сатылымын жүзеге асыру үшін жаңа талаптар мен мерзімдер қойылады.

Айта кетейік, ұлттық компания мұндағы кеңселерді «Самұрық-Қазынаға» жалға беріп келген еді. Қазір Ұлттық қор су жаңа ғимаратқа көшіп кетті. «Самұрыққа» арнап «BI group» компаниясы «Жасыл орамнан» тағы бір жалтыраған көп қабатты кеңсе соғып берген.  

А. Бектас