Спорт Қазақстан
$445.66 €474.58 ₽4.78
×

Таразда М.Әбілязовқа қатысты сот алды тыңдалымы өтті

AstanaTV
12.10.2018ж. 20:00
2459
Таразда М.Әбілязовқа қатысты сот алды тыңдалымы өтті

Мұхар Әбілязов тағы сотқа тартылды. Таразда қашқын олигархқа қатысты сот алды тыңдау басталды. Әлбетте айыпталушы төбе көрсеткен жоқ. Алайда, прокурорлар басты фигурантқа ақпарат құралдары арқылы хабар берілді дейді. Қорғаушы экс-банкирдің жазығы жоқ екенін алға тартты. Әрі судьядан тағылған ауыр айыпты алып тастауды сұрады. Адвокаттың айтуынша «БТА» банктің басқарма басшысы Ержан Тәтішевті тапсырыспен өлтірту туралы дәлел жоқ. Судья өтінішті қанағаттандырған жоқ. Әбілязовты қорғауға адвокатты мемлекет тағайындаған. Сот алды тыңдалымға жәбірленуші тараптың да өкілдері келмеді.  

Жанар ҚИСЫҚОВА, М.ӘБІЛЯЗОВТЫҢ АДВОКАТЫ:  

Қаралып отырған қылмыстық іс материалында мен ақтауға тиісті азаматтың кінәлі екені көрсетілмеген, дәлелсіз. Әбілязовтың әрекетін ашып көрсететін айғақ жоқ. Қайта оның қылмысқа қатысы жоғын көрсететін фактілер көп. Осыны алға тарта келе мен Мұхтар Әбілязовқа қатысты қылмыстық істі қарау тоқтатылып, бостандықта бола беруін сұраймын. 

Еске салайық, экс-банкир Мұхтар Әбілязовқа бұрынғы «Тұран Әлем Банкінің» басшысы Ержан Тәтішевті өлтіруге тапсырыс берді деп айып тағылған. Банкирді Қордай ауданында аңшылыққа шыққан кезде Мұратхан Тоқмәди атып өлтірген еді. Ол өз қылмысын 13 жылдан кейін мойындап, Әбілязовтан тапсырыс үшін 4 млн. доллар алғанын айтқан болатын. Бұдан бұрын «БТА» банктен миллиардтаған ақшаны жымқырды деп айыпталған Әбілязов сырттай 20 жылға сотталған.  

Д. Алимкулов