$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Н.Назарбаев сербиялық әріптесімен кездесуде Қ.Сәтпаевты еске алды

AstanaTV
13.10.2018ж. 20:00
3702
Н.Назарбаев сербиялық әріптесімен кездесуде Қ.Сәтпаевты еске алды

Мемлекет Басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Сербия президенті Александр Вучичпен кездесуінде әйгілі ғалым Қаныш Сәтпаевты еске алды. «Ол Батысқа, Лондонға барғанында сұрапты: «Қазақтардың бәрі Сіздей сұңғақ бойлы ма?»-десе, Сәтпаев: «Жоқ, халқым менен биік», - деп жауап берген. «Әдемі жауап, солай емес пе?», - депті Назарбаев сербиялық әріптесіне. Вучич: «Тамаша жауап», - деп келіскен. Сербия президентінің бойы 1 м. 99 см көрінеді. Қаныш Сәтпаев 1947 жылы Ұлыбританияның экс-премьер-министрі Уинстон Черчилльмен кездесуін былай еске алған: «Черчилльдің көрген бірінші қазағы мен екем, ол «басқа қазақтардың да бойы ұзын ба?», - деді. Мен бірден: «Қазақтардың арасындағы ең аласасы мен шығармын», -дедім. Бәрі күлімсіреді. Мен: «Халқым менен биік», - деп жалғастырдым».  

Сербия президенті Астанада өткен әлемдік діндер съезіне келген. Әрине, екіжақты байланыстар, сауда айналымы талқыланды. Логистика, транспорт, қорғаныс өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы, фармацевтика, құрылыс бойынша перспектива бар. Бір айта кететіні, Александр Вучич былтыр Астанаға келіп, аяқ астынан сапарын үзген. Сол кезде: «Бірінші рет мемлекеттік міндетімді қоя тұруға тура келіп отыр, бірнеше минут бұрын ұлым дүниеге келді», - деген-ді.  

Әлемдік және дәстүрлі діндер жетекшілерінің 6-съезіне келсек, Қазақстан Президенті конфессияаралық, өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі орталық құруды ұсынды.