Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Қазақстан Қытайға газ экспортын екі есеге арттырмақ

AstanaTV
15.10.2018ж. 20:00
2409
Қазақстан Қытайға газ экспортын екі есеге арттырмақ

Қазақстан келер жылы Қытайға газ экспортын арттырып, 2 млрд доллар пайда таппақ. «ҚазТрансГаз» «PetroChina International Company Limited»-пен 5 жылдық келісім-шартқа қол қойған. Енді Қазақстан газ экспортын 10 млрд текше метрге ұлғайтпақ. Компанияның баспасөз қызметі оның 5 млрд текше метрі Қытайға жіберілгенін хабарлады. Газ экспортын екі есеге көбейту Президенттің елдің транзиттік потенциалды дамыту стратегиясы мен екі ел басшыларының келісімдері арқасында жүзеге асырылмақ. Жақында жоғары технологиялық 3 компрессорлық станса пайдалануға берілмек. «ҚазТрансГаз» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы бұл «Бейнеу-Бозой-Шымкент» магистральды газ құбырының өтімділігін арттырмақ. Айта кетейік, ұлттық оператор газ және газбен жабдықтаумен айналысады.  

Г. Меңдеева