Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Ақтауда іріңді менингитпен ауырған сарбаз көз жұмды

AstanaTV
15.10.2018ж. 20:00
2768
Ақтауда іріңді менингитпен ауырған сарбаз көз жұмды

Менингитпен ауырып, қаза болған сарбаздың денесі туған жері Ақтөбеге жеткізіледі. 21 жастағы Бауыржан Елкундиков кеше Маңғыстау облыстық ауруханасында көз жұмды. Марқұмның денесі қазір мәйітханада. Бүгін сараптамадан өткізіліп, ертең Ақтөбеге жеткізіледі. 

Азамат СӘРСЕНБАЕВ, МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСТЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСПАСӨЗБЕН БАЙЛАНЫС ЖЕТЕКШІСІ:  

14 қазан сағат 9:30 шамасында жағдайы өте ауыр сарбаз қайтты. Науқасты емдеуге тәжірибелі дәрігерлер тартылды. Өкінішке орай, оны құтқаруға мүмкіндік болмады.

Еске сала кетейік, 30 қыркүйекте Ақтауда әскеридің «менингит» инфекциясымен ауруханаға түскені хабарланған. Ұлттық гвардияның 6656 әскери бөлімінің сарбазы 27 қыркүйекте медициналық-санитарлық бөлімге барған. Ол соңғы үш күнде есінен танып, денесі құрысып, температурасының 39 градусқа дейін көтерілгенін, басының ауырып, терісіне бөртпелер шыққанын айтқан. Кейін оған «іріңді менингит» диагнозы қойылғаны жайлы хабарланды. Бұл мәліметті Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің төрағасы Жандарбек Бекшин растаған болатын.  

М. Дюсекина