$519.29 €613.28 ₽6.62
×

Балқаш ЖЭС бойынша әлі шешім шыққан жоқ

AstanaTV
10.08.2017ж. 20:00
3498
Балқаш ЖЭС бойынша әлі шешім шыққан жоқ

Балқаш жылу электр стансасына қатысты Үкімет нақты шешімге келген жоқ. Басталмай жатып, тоқтап қалған қазақ-корей бірлескен жобасы туралы Энергетика министрінің орынбасары Бақытжан Жақсыалиев осылай деді.

Оңтүстіккореялық "Самсунг" пен "Самұрық-Энерго" бірлесіп, Балқашта құны 2,5 млрд доллар болатын жобаны 2014 жылы қолға алған. Алайда, былтыр Корея жобадан шығатынын мәлімді және өз үлесін Қазақстанға сатқысы келген. Консорциум үлесі: Корея 75 пайыз, Қазақстан 25 пайыз болатын. Құрылысты бастауға екі комания да ақша құйып үлегерген. Инфрақұрылым тарытылып қойды. Оған қанша сома жұмсалғанын вице-министр нақтылаған жоқ.

Бақытжан Жақсыалиев, ҚР Энергетика министрінің орынбасары:

Сегодня вопрос приостановлен в силу неурегулированности возврата капитала. Этот вопрос ещё не решён, и проект находится в подвисшем состоянии.

"Нұрлы жол" бағдарламасы бойынша биыл 56 жаңа білім беру мекемесі бой көтеруі тиіс. Ол үшін 71,1 млрд теңге бөлінген. Алайда, бүгінгі таңда небәрі 5 нысан салынды. 1-ші қыркүейекке дейін 45 мекеме, желтоқсанға дейін тағы 18 ғимараттың құрылысы аяқталады, дейді министрлік өкілдері.

Бибігүл Асылова, ҚР Білім және ғылым министрінің орынбасары:

У нас все обязательства акиматами приняты. Есть соответственные гарантийные письма.