Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Шағын несие беру ұйымдары азайғанмен, қарыз алушылар көбейді

AstanaTV
16.10.2018ж. 20:00
2824
Шағын несие беру ұйымдары азайғанмен, қарыз алушылар көбейді

Елде ақша айырбастау бекеттері 6 пайызға азайды. Жабылғандарының көбі банктерге тиесілі. «Ranking.kz» осындай мәлімет таратты. Ал, «Finprom.kz» порталы биыл шағын несие беру ұйымдары 26 мекемеге қысқарғанын хабарлады. Несие беру мекемелерінің азаюы 2014 жылы басталған. Ол кезде 600-ден аса ұйым болса, қазір 236-сы ғана қалған. Мұндай ұйымдар негізінен Алматы, Шымкент және Алматы облысы мен Астанада көп шоғырланған. Дегенмен, берілетін несие саны азайған жоқ. Екінші тоқсанда 192 мың қарыз берілген. Ал, оның сомасы 71 млрд теңгеге жуық. Бұл былтырғыдан 27 пайызға жоғары.  

Г. Меңдеева