Министрліктер ақпараттық жүйенің сапасын арттыру қажет. Бұл туралы Парламент мәжілісінің депутаты Майра Айсина «Нұр Отан» партиясында өткен «Халыққа мемлекеттік қызметтерді көрсетудің сапасы» комиссиясы отырысында айтты. Жиында министрліктер тарапынан мемлекеттік қызмет көрсетуде бірталай заң бұзушылықтар анықталғаны айтылды. Ішкі істер министрлігі 6 мыңға жуық өтініштен негізсіз бас тартқан. Денсаулық сақтау министрлігінің мамандары артық құжаттар талап еткен. Мұндай 2 мыңнан аса дерек анықталған. Ал, өтініштерді қарауда мерзімдерін бұзу жағынан Қорғаныс минстрлігі көш бастап тұр. Одан кейін Ішкі істер және Денсаулық сақтау министрліктері.
Майра АЙСИНА, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «НҰР ОТАН» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:
16 регионның 15-інде спеццон дейміз ғой сол істеп жатыр. Дегенмен, оның да сапасы кейде онша емес. Ақпараттық жүйе кейде тоқтап қалады. Қазір адамдарда шыдамдылық жоқ. Сол себептен, олқылықтар болады. Қазір мемлекет тарапынан жақсы қаражат бөлініп жатыр. Ақпараты жүйесі бар министрліктер жақсылап дамыту керек.
Елде 741 мемлекеттік қызмет көрсету түрі бар. Соның 80 пайызы халыққа қызмет көрсету орталықтарында көрсетіледі. Олардың 61 пайызы электронды қызмет.
Д. Сапарқызы