Қазіргі қалыптасқан теңге бағамы қолдан жасалған. Қыркүйекте Ұлттық қордан шыққан долларды квазимемлекеттік сектор тұтас сатып алды. Депутат Аманжан Жамалов бүгін Ұлттық банкке осындай айып тақты. 5-7 қыркүйекте Ұлттық банк интервенцияға 520 млрд доллар салған. Ол биржадағы ақшаның 80 пайызын құрады. Содан соң, төртінші қыркүйекте 365 доллар болған теңге, 12-сі күні күрт 380-ге жетті. Ұлттық банк салған қыруар долларды бір апта ішінде кім «көтеріп» алды,- дейді депутат. Жамалов: «Ел ішінде көк қағазға мұндай сұраныс жоқ. Долларды сатып алған ұлттық компаниялар. Олар мұны сыртқы қарызды жабу үшін Ұлттық банкпен келісіп істеп отыр»,-деді.
Аманжан ЖАМАЛОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «НҰР ОТАН» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:
Ұлттық банктің мәліметінше, биылғы 1-шілдеде Квазимемлекттік сектордың сыртқы қарызы 23 млрд долларды құрады. Борышты өтеу кестесі бойынша үшінші тоқсанда ғана олар 2,4 млрд доллар төлеу керек. Осыдан-ақ бәрін ұғуға болады. Квазимемлекеттік команиялар теңгенің құбылмалы кезеңін пайдаланып, валютаны жаппай сатып алды.
Депутат одан да теңгенің тұрақты бағамын бекітуді ұсынды. Ал, Ұлттық банк төрағасы Жамаловтың пайымын жоққа шығарды.
Данияр АҚЫШЕВ, ҚР ҰЛТТЫҚ БАНК ТӨРАҒАСЫ:
Валюта нарығында екі үлкен ойыншы бар деген пікір айтылды. Ол шындыққа жанаспайды. Валюта нарығы барлық банктерге қызмет етеді. Екінші деңгейлі банктердің клиенттері әртүрлі. Олар заңды және жеке тұлғаларға қызмет көрсетеді. Заң бойынша біз ешкімнің валютаны сатып алуын не сатуын шектей алмаймыз.
М. Дюсекина