Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Атырауда «Теңіз» кешенінде жұмысшылар жаппай уланып қалды

AstanaTV
17.10.2018ж. 20:00
3426
Атырауда «Теңіз» кешенінде жұмысшылар жаппай уланып қалды

Атырауда «Теңіз» кенішіндегі жұмысшылар тамақтан жаппай уланып қалды. Жайсыз жағдай кеше түскі астан кейін болған. Өздерін жайсыз сезінген жұмысшылар қазір Жылыой аудандық ауруханасына жеткізіліпті.  

Нұрбек ҮКІБАЕВ, ЖЫЛЫОЙ АУДАНДЫҚ ОРТАЛЫҚ АУРУХАНАСЫНЫҢ БАС ДӘРІГЕРІ:

«Монтажспецстрой» мекемесінің 24 жұмысшысы Жылыой аудандық орталық аурухананың жұқпалы аурулар бөлімшесіне жатқызылды. Түскен кездегі жүрек айну, құсу, жалпы әлсіздік белгілері байқалған. «Тамақтан улану» диагнозы бойынша тиісті ем-шаралар жүргізілуде. Қазіргі таңда науқастардың 12-сінің жағдайлары орташа ауырлықта, қалғандарында жақсару байқалады. 

Дәрігерлер көмегіне жүгінгендер саны қазір 28-ге жетті. Улану-таңғы астан қалған тамақты тоңазытқышқа сақтамай, түсте қайта бергеннен болған. Іле-шала оқиға орнына барып, тексеріс жүргізген мамандар осылай деп отыр. Яғни, «Монтажспецстрой» мекемесінің жұмысшыларын тамақтандыруды көктемнен бастап қолға алған асхана қызметкерлері осылайша азықты үнемдемек болса керек. Қазір асхана жұмысын тоқтатты, тексеріс басталып кетті.  

Ерболат УАЙЫСОВ, АТЫРАУ ОБЛЫСТЫҚ ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:   

Таңғы асқа дайындалған жұмыртқаға оралған гренки деген тағамды берген. Және сол тағамды таңертеңнен қалған тағамды тоңазытқышқа сақтамай түскі асқа қайтадан берген. Осы тамақтан уланудың негізгі себебі деп қазіргі уақытта анықтап отырмыз. Әлі де біз жұмысты жалғастырамыз. Зертханалық зерттеулерге тағамдар, адамдардан материалдар алынып, олар жұмыс жасалып жатыр. Зерттеулердің қорытындысын лабораториядан шыққаннан кейін нақты айтатын боламыз. 

Б. Надирқызы