Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×
Реклама на сайте

Шығыс Қазақстан облысында 4 жылдан бері студенттер жатақханасының құрылысы аяқталар емес

AstanaTV
18.10.2018ж. 20:00
2507
Шығыс Қазақстан облысында 4 жылдан бері студенттер жатақханасының құрылысы аяқталар емес

Шығыс Қазақстан облысында медициналық академияның студенттеріне арналған жатақхананың құрылыс төрт жылдан бері бітер емес. Нысанның құрылысы тапсырыс беруші мен мердігердің бірін бірі сотқа сүйреуінен созылып келеді. Мұны «Нұр Отан» партиясының аймақтық филиалы өткізген қоғамдық кеңесте ЖОО ректоры айтты. Мұхтар Төлеутаевтың айтуынша, ғимарат 80 пайыз дайын. Ішкі әрлеу жұмыстары бітпеген. Айта кетейік, академияда қазақстандықтардан бөлек, шетелдік студенттер де білім алады.  

Әнуарбек МҰХТАРХАНОВ, «НҰР ОТАН» ПАРТИЯСЫ ШҚО ФИЛИАЛЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:

Ол құрылыс биылғы ШҚО 5 әлеуметтік Президенттің бастамасына байланысты салынатын 11 жатақхананың құрамына кіріп тұр. Енді ойлаймыз бұл министрліктің қаржыландыуымен болғандықтан біз оны орталық республикалық қоғамдық кеңес қарауына жібереміз. 

Бұл аймақта Президенттің үшінші бастамасына сәйкес 2022 жылға дейін 5 мың студентке арналған 11 жатақхананы қолданысқа беру жоспарланған. Партия өкілдері «7-20-25» бағдарламасының орындалуын да бақылауда ұстап отыр. Құрылыс түсетін аумақтар қазір белгілі. Алайда, баспана тұрғызудан бұрын ол жерде коммуналды құбырлардың мәселесін шешіп алу қажет дейді партия өкілдері. Облыстық мәслихат депутаты, «Нұр Отан» партиясы фракциясының мүшесі Олег Чернышевтың сөзінше, «Жылу энерго орталықтары» сайтына ілінген мәлімет бойынша, жаңа нысандарға станцияның қуаттылығы жетпейді.  

А. Төребекқызы