Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Еуропаның кәсіпкерлері Қазақстан туризмін дамытуға үлес қосады

AstanaTV
18.10.2018ж. 20:00
2381
Еуропаның кәсіпкерлері Қазақстан туризмін дамытуға үлес қосады

Еуропаның ірі бизнес өкілдерімен кездесуден бұрын Нұрсұлтан Назарбаев Бельгия Королі Филипптің қабылдауында болды. Әңгіме жабық жағдайда өтті. Тек тараптардың Қазақстан мен Бельгия арасындағы ынтымақтастық туралы айтқаны белгілі. Сондай-ақ, Президент пен Бельгия Королі халықаралық проблемаларды талқылаған. Бүгінде Еуропа елдері Қазақстанның барлық серіктестері арасында үздіктердің көшін бермейді. Әріптестік орнағалы 180 млрд. доллар тікелей инвестиция тартылған. Соңғы жылдары елде еуропалық капиталы бар кәсіпорындар көбейіп келеді. Олардың саны 3 мыңға жеткен. Президент «Қазақстан географиялық орналасу жағынан, әрі тұрақтылығымен инвестиция тартуға өте қолайлы ел» деді.     

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ: 

Через Казахстан проходит 5 железнодорожных и 6 автомобильных международных маршрутов, которые связывают Китай и другие страны Азии с Европой через Россию, Каспийское и Черное моря, а также Иран и Турцию. Теперь доставка грузов в Европу из Китая через Казахстан и обратно занимает в 4 раза меньше времени, чем доставка морским путем.

Сонымен қатар, 33 еуропалық мемлекеттің азаматтары үшін Қазақстанда визасыз режим. Бізде мұнай-газ және өнеркәсіп кәсіпорындары ғана емес, инновациялық компаниялар да өз өндірісін дамыта алады. Ірі корпорация басшыларының алдында сөйлеген президент экономиканы цифрландыру туралы да айтты. Биыл Астанада ІТ-стартаптардың жаңа халықаралық технопаркі іске қосылады. Онда шетелдік кәсіпкерлер жеңілдетілген еңбек режимі мен салық жеңілдіктерін пайдалана алады.    

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:  

В нашей столице начал работу Международный финансовый центр «Астана». Его правовой статус закреплен Конституционным законом, а рабочим языком является английский. Участникам МФЦА предоставлены налоговые льготы до 50 лет, упрощенные валютный, визовый и трудовой режимы. Это-единственный в регионе центр, деятельность которого основана на английском праве. Приглашаю ваши компании принять участие в работе МФЦА.

Ерлан СИСЕНОВ, ТІЛШІ: 

Еуропа бизнесіндегі алыптар туризмге қызығып отыр. Президенттің пікірінше, түрлі ландшафт, еліміздің бай мәдениеті мен тарихын шетелдік тәжірбиелі компаниялар ұтымды ескеретін болса, екі жаққа да айтарлықтай пайдалы болмақ.

Ғ. Қылышбаева