Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Президент Жолдауындағы міндеттерді жүзеге асыруға азаматтық қоғам институттары да кірісті

AstanaTV
18.10.2018ж. 20:00
2120
Президент Жолдауындағы міндеттерді жүзеге асыруға азаматтық қоғам институттары да кірісті

Президент жолдауындағы міндеттерді жүзеге асыруға азаматтық қоғам институттары да кірісті. Олардың жолдаудағы негізгі рөлі мен мақсатын айқындау үшін арнайы үкіметтік емес ұйымдар, сарапшылар қауымдастығы және мемлекеттік органдардың өкілдері қатысуымен дөңгелек үстел өтті. Қатысушылар азаматтық қоғам институттары отандастарымыздың өмірін жақсартуға, әлеуметтік процестерді жандандыру жолында жылжытушы күш болады деп отыр.  

Әлия ҒАЛЫМОВА, ҚР ҚОҒАМДЫҚ ДАМУ МИНИСТРЛІГІ АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМ ІСТЕРІ КОМИТЕТІНІҢ ТӨРАЙЫМЫ: 

Жолдаудың басымдықтары жаңғырту мен реформалар процестерінің логикалық жалғасы болып табылады. Азаматтық қоғамның мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру процесіне, реформаларды жүргізуге қызығушылығы мен тартылуы-Мемлекет Басшысы қойған міндеттерді табысты іске асыру үшін негізгі шарт 

Мұсағали ДУАМБЕКОВ, ҚАЗАҚСТАН АЛЬЯНСЫНЫҢ ВИЦЕ-ПРЕЗИДЕНТІ: 

Елбасының жолдауына қатысты біз бүгінгі күні ауылшаруашылығына көп көңіл бөлуіміз керек. Ал, ондағы өнімді екі жарым есе көбейту үшін, біз арнайы ауылдағы азаматтық қоғамдармен сұхбаттасып, адамдардың қызығушылығын арттыруымыз қажет. Осы мақсатта қазан айының 24-25-де Қазақстанда алғашқы рет ауылдық үкіметтік емес ұйымдармен үлкен форум өткіземіз.